Page 102 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 102
66-сурет. «Қыз Жібек» фильмінен үзінді
Егде тартқан әйелдер өкшесі биік емес етік киген, бірақ көбіне
жұмсақ мәсі және кебіс киген. Әйелдердің бас киімі – тақия
мен бөрік қыздарға арналған, қалыңдықтың бас киімі – сәу-
келе. Тұрмыстағы әйелдер кимешек киген.
Әйелдердің ұлттық киімі ою-өрнекпен, тиындармен және
қапсырмамен безендірілген.
1. Ерлердің қыстық қазақи ұлттық киімін ата.
? 2. Қазақтардың таңдаған ұлттық киімін жоспар бойынша
сипатта:
– атауы;
– үлгісі, матасы;
– киімнің безендірілуі;
– мақсаты.
3. Қазіргі заманғы киімде ұлттық дәстүрлер сақталған ба?
Тапсырмаларды дәптерге орында.
4. Өзіңе ұнаған киімнің суретін сал.
102
102