Page 105 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 105
дықтар және басқа да бұйымдар жасады. Тері бұйымдарды
әртүрлі түстерге бояды.
Әйелдер үй шаруасымен айналысқан. Олар киіз үй жа-
сауына, киім-кешек, ат әбзелдеріне кеңінен қолданылған
киізден жасалған бұйымдар шығарды. Жүнді бояу үшін түр-
лі шөптер мен минералдар қолданылды. Қазақ әйелдері
киіз өндірісімен айналысқан. Киізден геометриялық және
зооморфты өр нектермен текемет тоқылған. Текемет киіз
үйдің еденіне тө селді. Қабырғаларға өсімдік өрнегімен безен-
дірілген сырмақ ілінді. Киіз кілемнің тағы бір түрі зооморфты
және гүлді ою өрнек тері бар түскиіз. Түскиіз киіз үйдің
қабырғаларына ілінген.
Киіз үй өрнекті баулармен, жолақтармен безендірілген.
Баулар киіз үйдің ағаш қаңқасына бекітілген. Әрбір киіз
үйде міндетті түрде жолақ болған. Олар беріктік үшін күмбез
тіректерінің негізін – уықты тартып тұрған.
Қазақ әйелдері кілем тоқи білген. Кілемдер түкті және түк-
сіз болды. Түксіз кілемдер тақыр кілем деп аталды. Мұндай
кілемдер зооморфты және геометриялық өрнектермен бе-
69-сурет. Кілемдегі зооморфты өрнектер
105