Page 108 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 108

СӘУЛЕТ ЕСКЕРТКІШТЕРІ


                 Хабардар боласың:

                   Қазақстанның қандай жерлері мен нысандары
                     тарихи маңызды деп танылды;
                   тарихи ескерткіштер сәулетінің ерекшеліктері
                     жайлы.


                 Ежелгі  заманнан  бері  Қазақстан  аумағымен  Ұлы  Жібек
             жолы  өткен.  Жібек  жолы  өтетін  жолдың  бойында  Тараз,
             Атлах,  Отырар,  Сайрам  қалалары  салынып  жатты.  Ерте

             орта ғасырларда мұндай қалалар саяси ордалар, сауда және
             қолөнер мен мәдени орталықтар болды.
                 Қазақстан  аумағында  ЮНЕСКО  Дүниежүзілік  мұралар
             тізіміне  кіретін  дүниежүзіне  белгілі  сәулет  және  мәдениет

             ескерткіштері  орналасқан.  Мысалы,  Түркістандағы  Қожа
             Ахмет Яссауи кешені, Айша-Бибі, Қозы Көрпеш – Баян Сұлу

             кесенелері және басқалары.
                 Қозы Көрпеш – Баян Сұлу кесенесі мәңгілік махаббат-
             тың  символы  ретінде  ЮНЕСКО  мойындаған  ескерткіш.  Ол
             Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында орналасқан.

             Кесененің  жалпы  биіктігі  –  11,85  м.  Қабырғаларының  қа-
             лыңдығы – 1,86 метр. Ескерткіштің шығыс жағындағы кіре-
             берісте кішкентай терезелер бар. Кесененің кіреберіс ойығы-

             на арка қойылған. Көлемді композицияның мұнаралы сипаты,
             құрылыс техникасының архаизмі, сондай-ақ кубоктары бар
             ерлер мен әйелдер мүсіндері бұл ескерткішті X–XI ғасыр ға

             жатқызуға мүмкіндік береді.
                 Бабаджа қатын кесенесі Жамбыл облысының Жамбыл
             ауданында орналасқан. Бабаджа қатын кесенесі XI–XII ғғ.

             бірегей  сәулет  ескерткіші  болып  табылады.  Кесене  өзінің
             бірегей қос қисықтық 16 қырлы шатырлы күмбе зімен әйгілі.




           108
           108
   103   104   105   106   107   108   109   110   111   112   113