Page 103 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 103
ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫ
Хабардар боласың:
қазақтардың ұлттық қолөнері туралы.
Қазақтардың қолөнер бұйымдары ағаштан, металдан,
күмістен, сүйектен, теріден және жүннен әзірленген. Қолда
ұсталатын мал қазақтарға тамақ қана емес, шикізат та берген.
Шаруашылық жүргізу үшін қолөнершілер ер-тоқым, егін
шаруашылығы құралдарын, ағаш ыдыстар, киіз үйдің ағаш
қаңқаларын, музыкалық аспаптар, жиһаздар жасаған.
Қазақтар киіз үйдің ағаш бөліктерін жасайтын шеберлерді
ерекше бағалаған. Оларды үйші – үй салушы деп атаған.
Шебер ағашты өзі дайындап, киіз үйдің барлық бөл-
шектерін жасайды: кереге, уық, шаңырақ, есік. Шаңырақ пен
есікті өрнекпен безендіреді және әртүрлі түстерге бояйды.
67-сурет. Қазақтардың тұрмыстық заттары
103