Page 100 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 100
қалпақ тақия бөрік тымақ
64-сурет. Ерлер бас киімі
Шалбар қара түсті қалың матадан тігілді. Қысқы шалбар
жылы матадан немесе қой терісінен жүнін ішіне қарата
тігілген.
Киім арнайы белдікпен буылатын болған. Белдіктер
күміс айылбасымен безендірілген. Бай адамдар барқытпен
қапталған, күміспен безендірілген кең белбеу таққан.
Ерлердің бас киімдері: тақия, қалпақ, бөрік, тымақ.
Тақия – матадан тігілген дөңгелек бас киім.
Қалпақ – ақ киізден тігілген жұқа бас киім.
Бөрік – жеті терімен қапталған дөңгелек қысқы бас киім.
Тымақ – қысқы бас киім.
Әйелдердің ұлттық киімі көйлектен, камзолдан тұрған.
Жас әйелдер қызыл не шұбар түсті ұнатқан, орта және егде
жастағы әйелдер көк немесе ақ түсті таңдаған.
XIX ғасырдың аяғында көйлектің жаңа үлгісі кеңінен
таралды: көйлек қималы, көкірекше және бел тұсынан бөлек
қиылған белдемшеден тұрды. Дәл осы көйлек түрі бүгінгі
күнге дейін ұлттық қазақи көйлек болып саналады. Көйлектер
жібек, атлас, барқыт мата ларынан тігілген. Көйлектердің
жағасы жабық болды, ол тік жағамен қапталған. Әйелдер
мен қыздар көйлектің үстінен комзол киген. Камзолдар ұзын
жеңді және жеңсіз күртеше түрінде болған.
Арнайы қыстық киім күпі мен ішікті тұрмыс құрған әйел-
дер ғана киген. Қыздар мен жас келіншектер көбіне етік ки-
ген, кейде оның өкшесі биік болып келген (10 см-ге жеткен).
100
100