Page 98 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 98
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРІ
Хабардар боласың:
ерлер мен әйелдердің ұлттық киімдері туралы.
Ғасырлар бойы қазақтың ұлттық киімдері ынғайлылығы-
мен әсемдігімен ерекшеленді, қазақтардың көшпелі өмір сал-
тына сәйкес келді.
Ерлер киімін іштен киетін көйлек, камзол, шапан, тон
құрады. Қазақ ерлері шалбардың екі түрін киді: шалбар және
дамбал.
Жейде – жеңіл матадан кең жасалған
іштен киетін киім. Етегін сыртқа шыға-
рып киген. Жағасы үшбұрышты немесе
жабық, мата жолағымен қапталған.
59-сурет. Жейде
Камзол – көйлектің үстіне киілетін
ұзын жеңді алды ашық киім. Камзол-
ды жылы астарлы, бір түсті матадан
тіккен. Жеңі бар камзолдар жабық
жағалы немесе тік жағалы болған.
Камзолдың алдыңғы жағы түймемен
бекітілген. Бұл негізінен күнделікті
киімі болды.
60-сурет. Камзол
98
98