Page 96 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 96
Соңында киіз үй киізбен жабылады. Киіз үй есігі әрқашан
оңтүстік жағынан орнатылады. Кіреберістің оң және сол
жағында үй шаруашылығы бұйымдарын сақтайтын орын
болады. Сол жақта әйелдер бөлігі: ыдыс, азық-түлік және
түрлі тамақ. Ал, оң жақта ерлер бөлігі: қару, ер-тоқым,
түрлі құрал-саймандар мен аспаптар тұрады. Киіз үйдің
ортасында ошақ орналасқан. Киіз үйдің төрінде отбасының
мүлік қоймасы қойылып, мұнда қонақтарды орналастыру
әдетке айналған. Түнде кіреберістің оң жағында үлкен
отбасы мүшелері, сол жақта балалар үшін төсек салынады.
Киіз үйдің едені мен қабырғаларына кілем түрлері – текемет
пен сырмақ төселеді.
Қазақтар үйлену тойының киіз үйіне ерекше көңіл бөлді.
«Мұндай таза киіз үйлер әдетте қыздың жасауына дайын-
далады. Түтіндемеу үшін оларды қыста қоймайды, тек жазда
ғана көруге болады. Оларды тек қымбат қонақтарға тігеді.
Осындай құнды киіз үйдің орташа бағасы 200-ден 400 қойға
дейін жетіп қалады», – деп Шоқан Уәлиханов үйлену тойына
арналған киіз үйді сипаттаған.
58-сурет. Ханның киіз үйі. Модель
96
96