Page 95 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 95
57-сурет. Киіз үйдің құрылысы. Реконструкция
Киіз үйдің ағаш бөліктері талдан жасалған, ал бай көшпе-
лілер киіз үйді қайыңнан жасатқан.
Киіз үйдің құрылысына қыста желден, жаңбырдан және
қардан, жазда күн мен шаңнан қорғайтын киіз жабын жабы-
лады. Сондықтан Қазақстанның көптеген аудандарында бұл
баспана киіз үй деп аталады.
Қарапайым киіз үй 6 кереге буынынан тұрса, ауқатты
адамдар 10 және одан да көп буыннан тұратын үлкен
киіз үй орнатқан. Содан кейін киіз үйдің ортасында ер
адам шаңырақты биік сырықпен көтеріп ұстап тұрады.
Шаңырақтың жиегінде көптеген шаршы саңылаулар бар.
Оларға уық қадалары кигізіледі, ал келесі ұшын керегеден
құрылған шеңберге байлайды. Алдымен күмбезді бекіту үшін
алғашқы 3-4 қада кигізіледі, содан кейін басқалары орна-
тылады.
95