Page 90 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 90

54-сурет. Н. Хлудов «Көші-қон»

                 Бірақ қазақ даласының басым бөлігінде көшпелі мал ша-
             руашылығы барған сайын танымал бола бастады. Көшпелі

             мал шаруашылығы Қазақ хандығының кезеңінде гүлденудің
             шарықтау шегіне жетті.
                 Көшпелі  мал  шаруашылығының  құлдырауы  қазақ-
             жоңғар соғыстары кезеңінде байқалды. Бұл Жетісу, Оңтүстік

             Қазақстан,  Сырдария  бойындағы  аудандары,  Шығыс  және
             Орталық  Қазақстандағы  қоныстар  аумағын  басып  алумен

             байланысты  болды.  Жоңғар  шапқыншылығы  Оңтүстік
             Қазақстан дағы көптеген қалаларды қиратты, олардың айна-
             ласындағы жазиралы алқаптар жойылды.
                 Жоңғар  хандығы  құлағаннан  кейін  қазақтар  біртіндеп  өз

             қоныстарына  орала  бастады.  Алайда  кедейленген  малшы-
             лардың бір бөлігі егіншілікке көшуге мәжбүр болды. XVIII ға-
             сырдың ортасынан бастап бұл үрдіс Оңтүстік және Оңтүстік-

             Шығыс Қазақстанда күшейе түсті.


           90
            90
   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95