Page 89 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 89
ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚТАРДЫҢ
ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Хабардар боласың:
қазақтардың көшпелі шаруашылығының ерекшелік-
тері жайлы;
Қазақ хандығының экономикасындағы көшпелі мал
шаруашылығының рөлі туралы;
егіншілік және қазақтардың отырықшы өмірге көшуі
жайлы.
Қазақтардың шаруашылығы Қазақстанның табиғаты мен
климатына тікелей байланысты болды. Жетісу мен Оңтүстік
Қазақстанда көршілес егіншілік мәдениеттің ықпалымен егін-
шілік қарқынды дамыды. Егіншілерде мал шаруашылығы
отырықшы болды.
53-сурет. Н. Хлудов «Қазақ ауылы»
89