Page 92 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 92

ғында маңызды рөл атқарды. Қыс мезгілінде адамдар соғым

             (жылқы етін) дайындап, қымызын ішкен. Атты мінуге және әр-
             түрлі ауыл шаруашылығы жұмыстарына пайдаланған.

                 Жыл мезгіліне байланысты жайылымдар мынадай түрлер-
             ге  бөлінді:  қыстау,  көктеу,  жайлау,  күзеу.  Қысқа  шөп
             дайындалды. 1879–1880 ж.ж. орын алған жұттан кейін қазақ-
             тар шөпті көп мөлшерде жинады.

                 ХIХ  ғасырдың  аяғында  көшпелі  қазақтардың  көшудің
             дәстүрлі  бағыттары  бойынша  еркін  жүріп-тұруға  құқығы
             болмағандықтан,  жұт  жиілеп  кетті.  1867–1868  жылдардағы

             реформамен  Қазақстан  жерлері  Ресей  империясының
             мемлекеттік меншігі болып жарияланды. Сондықтан қазақ тар
             қаңырап бос қалған және құнарсыз жерлерге ығыстырылды.

             Ғасырлар  бойы  қалыптасқан  көшпелі  мал  шаруашылығы
             біртіндеп жойылды.
                 Осы  әрекеттің  барлығын  Ресей  әкімшілігі  көшпелілердің

             жайылымға  пайдаланған  кең  аумақтарды  босатуы  үшін
             жасады.  Соның  салдарынан  халық  егіншілікке  көшуді  бас-
             тады. Егіншіліктің негізгі бағыты диқаншылық болды. Бидай,
             тары,  арпа,  күріш,  жүгері  егілді.  Негізінен  бидайдың  екі

             түрі – ақбидай және қызылбидай өсірілді. Жер жырту құралы
             соқа болды. Өскен дәнді орақтың көмегімен жинады.
                 Оңтүстікте  суармалы  егіншілік  кең  тарады.  Суармалы

             егіншілік  су  арналарын  –  арықтарды  құру  және  оларға
             қызмет көрсету үшін адамдардың күш-жігерін біріктіруді та-
             лап етті.

                 Егіншілік  табиғи  шаруашылық  сипатында  болды.  Жи-
             налған  өнім  бір  отбасының  тамағына  жетпеді.  Сондықтан
             қазақтардың  негізгі  қызмет  түрі  мал  шаруашылығы  болып

             қала берді.






            92
           92
   87   88   89   90   91   92   93   94   95   96   97