Page 97 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 97
Бай қазақтарда, билерде, хандарда 12, 18 және одан да көп
қанаттан тұратын үлкен киіз үйлері болған. Кейде олар көп
бөлмелі үйлер сияқты бірнеше киіз үйлерді біріктірді.
Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі, оның пішіні
шеңбер тәріздес. Киіз үйді орнатуда шанырақ ең басында
қойылады.
Уық – шаңырақ пен керегені ұстастыратын ағаштар.
Кереге – киіз үйдің торлы қаңқасы.
? 1. Көшпенділерде қандай киіз үй түрлері болды?
2. Киіз үй қандай бөліктерден тұрады?
3. Киіз үйді қандай материалдардан жасаған?
4. Киіз үйге қарап отырып көшпенділердің қандай ісі (қолөнері)
туралы айтуға болады? (57-сурет).
5. Көшпелілер баспанасының негізгі түрі киіз үй болуының се-
бебін түсіндір.
6. Ғаламтордан көшпелілерде тағы қандай үйлер болатыны
туралы ақпарат тап.
7. Киіз үйдің құру тәртібін жоспар түрінде жаз.
Тапсырмаларды дәптерге орында.
8. Дәптеріңе киіз үйдің суретін сал.
Бұл қызық
Көшпенділер үшін киіз үй ежелгі ғарыш жүйесінің өзіндік
көрінісі болды. Егер киіз үйді қарастыратын болсақ, онда
біз сфераны, аспанды байқаймыз. Ең үстінде шаңырақ ор-
наласқан – шеңбер күнді бейнелейді. Уық – энергияның
символы, Нұр. Уықтар күннен (шаңырақ) шұғыла ретінде
тарайды, төменде кереге – жер бетіндегі тіршіліктің ны-
шаны орналасқан. Шаршы – жердегі өмірдің нышаны –
әлемнің төрт бұрышы мен төрт жағын білдіреді.
Киіз үй қазақтың рухани әлемі мен материалдық мәде-
ниетін бейнелейді.
97