Page 112 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 112
лынған сарайлар мен ғибадатханалардың ерекше кешені,
сәулет өнерінің жауһары. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі де
ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілген.
Қожа Ахмет Яссауи XII ғасырда өмір сүрген. Ол шығыста
ақын және уағызшы ретінде танымал болған. «Яссауи» сөзі
«Ясыдан шыққан» дегенді білдіреді, бұрын Түркістан қаласы
солай аталған. Халық аңыздары Әмір Темірдің Түркістанға
деген үлкен құрметі туралы хабар береді. Оның нұсқауы
бойынша Қожа Ахмет Яссауи қайтыс болғаннан кейін екі
ғасырдан астам уақыт өткен соң қабір үстіндегі шағын ғима-
раттың орнына кесене тұрғызылды.
Ахмет Яссауи кесенесі – мазардың, мешіттің, кітапхана-
ның қызметтерін орындайтын сәулет кешені.
Батыс және шығыс қабырғалары мен күмбезі көк түсті өр-
нектелген кірпішпен қапталған. Кірпіштегі бояудың сапасы
74-сурет. Қожа Ахмет Яссауидің кесене-кешені
112
112