Page 163 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 163
Ассамблеяның мақсаты – Қазақстанда тұратын халық-
тардың мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін дамыту болды.
Ассамблея ұлтына, тіліне, дініне қарамастан барлық аза-
маттардың тең құқықтарын қамтамасыз ету үшін жұмыстар
жүргізеді.
Қазақстанның барлық өңірлерінде облыстық Ассам -
блеялар құрылып, Достық үйлері ашылды. Сонымен қатар,
2006 жылы Астанада Бейбітшілік және келісім сарайы са-
лынды. Дәл осы жерде Ассамблеяның жыл сайынғы сес-
сиялары, дәстүрлі әлемдік діндер съездері және ел үшін
маңызды өзге де іс-шаралар өтеді.
Ассамблеяның орындауға тиіс міндеттері – бұл жал-
пықазақстандық мәдениетті дамыту, халық бірлігін нығайту,
жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, қазақ тілін дамыту.
Ассамблея сонымен қатар басқа елдермен мәдени байла-
ныстарды нығайтады.
Ассамблея жанынан арнайы ғылыми-зерттеу орталығы,
аналар кеңесі, журналистер клубы, басқа да ұйымдар мен
бірлестіктер құрылды. Олардың барлығы қазақстандықтар
арасында қақтығыстарды болдырмау бағытында жұмыстар
істейді.
Бүгінде Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері бейбіт
өмір сүруде. Мектептерде оқыту тек қазақ және орыс тілде-
рінде ғана жүргізілмейді. Бізде өзбек, ұйғыр, тәжік, неміс және
ағылшын мектептері бар. Корей, түрік, әзірбайжан, татар жә-
не басқа да көптеген тілдерді оқыту ұйымдастырылған.
Мемлекет ана тілдерін үйренуге көмектеседі.
Қазақстанда түрлі халықтардың мәдениетін дамыту үшін
жағдай жасалған. Өзбек, неміс, ұйғыр және корей театрлары
табысты жұмыс істеуде. 15 түрлі тілде газеттер мен журнал-
дар, 8 тілде радио және телебағдарламалар шығады. Қазақ-
стан халықтарының этномәдени бірлестіктері олардың
дәстүрлері мен мәдени ерекшеліктерін сақтауға көмектеседі.
Қазақстанда тұратын түрлі халықтардың өкілдері елдегі ке-
163