Page 159 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 159
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ
МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫ
Осы тақырыптан сен:
Қазақстан ғылымы туралы;
елімізде білім беру жүйесін дамыту туралы білетін
боласың.
Тәуелсіз Қазақстанға көптеген жаңа мамандар қа жет-
тілігі туындады. Ондай мамандар қазақстандық универ-
ситеттерінде оқы тылмаған еді. Жас қазақстандықтарды
шетелдегі үздік оқу орын дарына оқуға жіберу туралы
шешім қабылданды. 1993 жылы бұл үшін «Болашақ» мем-
лекеттік стипендияларын бө лу бағдарламасы басталды.
Бағдарламаны іске асыра отырып, 25 жыл ішінде 13 мыңнан
астам адам шетелде білім алды. 2017 жылы шетелде 90
мың қазақстандық студент білім алған. Олардың көпшілігі
диплом алып, отанына оралды. Қазіргі таңда Қазақстанда
жұмыс істеп, өз халқына пайдасын тигізуде.
Бірте-бірте қазақстандық университеттер де әлемдік дең-
гейге шыға бастады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университеті әлемнің 200 үздік университеттерінің тізіміне
енгізілген.
2010 жылы Астанада Назарбаев Университеті – халық-
аралық деңгейдегі жаңа университет ашылды.
Тәуелсіздік кезеңінде мектеп білімінде де өзгерістер
жүргізілуде. Білім жүйесі әлемдік деңгейге сәйкестенді ріл ді.
Елімізде озық мектептер – Назарбаев Зияткерлік мектеп тері
ашылды. «Білім-Инновация» мектептерінің же лісі ашылып,
онда оқыту Халықаралық бағдарламалар бойынша жүргі-
зі леді. Жаңа мектептер салынуда. Қазақстандағы әрбір
үшінші мектеп тәуелсіздік жылдары салынған.
1990 жылдары болған қысқартулардан кейін, 2010 жыл-
дан бастап балабақшалар саны өсе бастайды. 2017 жылы
Қазақстан балабақшалармен қамтамасыз ету деңгейі бойын-
ша әлемде 4 орынға көтерілген.
159