Page 157 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 157
108-сурет. Самал Ислямова
бола бастады. Қазақстандық орындаушылар Әділ Жале-
лов, Бақтияр Мамедов және тағы басқалары өз елін де
ғана емес, шетелде де көшбасшы атанды. Тәуелсіздік
жылдары қазақстандық киноның өркендеу кезеңі болған.
1998 жылы қазақ кинорежиссері Дарежан Өмірбаевтың
«Кил лер» фильмі Канн кинофестивалінің «Ерек ше пікір»
сыйлығын иеленді. 2013 жылы Эмир Бай ғазиннің «Гармония
сабақтары» кинокартинасы Берлин кинофестивалінде
және тағы да елуге жуық халықаралық байқауларда мара-
паттарға ие болған. 2018 жылы қазақ стандық актриса
Самал Еслямова үздік әйел рөлі үшін Канн фестивалінің
жүлдесін жеңіп алды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда жыл сайын кеміне 12–15
фильм түсірілуде. Олардың арасында тарихи фильмдер,
дра малар, комедиялар бар. Режиссерлер Ақан Сатаев,
Рүстем Әбдірашев фильмдері көрермендердің көңілінен
шықты. Қазақстанда өткізілген кинофестивальдер халық-
аралық деңгейде мойындалды. 2008 жылдан бері Алматы да
157