Page 155 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 155
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІ
Осы тақырыптан сен:
қазақстандық музыкалық орындаушылар туралы;
Қазақстан өнерінің әлемге танымал болуы туралы
білетін боласың.
Тәуелсіздік жылдары ұлттық мәдениеттің өсуімен
ерекшеленеді. Әдебиет, музыка өнері, кино және театр да-
муын тоқтатпады. Жазушылар мен ақындардың жаңа
толқыны пайда болды. Олардың көпшілігі халықаралық таны-
малдылыққа ие. Ақын Әуезхан Қодар, жазушылар Сергей
Лукьяненко, Карина Сәрсенова, Аян Құдайқұлова, Ильмаз
Нұрғалиев танымал болды.
2002 жылы Қазақстанда «Заманауи қазақстандық роман»
байқауы өтті. Оның жеңімпаздары – Таласбек Әсемқұлов,
Дидар Амантай, Айгүл Кемелбаева, Николай Веревочкин
және Илья Одегов.
Қазақстандық орындаушылар әлемдік үздік сахналарда
өнер көрсетуде. Майра Мұхамедқызы Париждегі Гранд-
Операның солисті ретінде Франция, Италия және АҚШ-тың
үз дік опера театрларында ән шырқаған. Мария Мудряк Ми-
ланда білім алды. Атақты Ла Скала театрында, Италияның
басқа да театрларында ән шырқады.Сүндет Байғожин Рим
операсында, Нью-Йорктегі Карнеги холлда, Берлинде,
Венада, Парижде ән айтты.
Әлемдік жұлдызға қазақстандық орындаушы Димаш
Құдайберген айналды. Ол бірнеше рет Азиядағы және
әлемдегі ең жақсы әнші ретінде танылды. Бүкіл әлем бойынша
миллиондаған жанкүйерлері бар. Әлемдік деңгейдегі жұл-
дыздар Данелия Төлешова мен Ержан Максим.
Қазақстан Еуразиядағы танымал музыканы дамыту орта-
лықтарының біріне айналды. Заманауи жастар бағытында-
ғы әншілер мен музыкалық топтар бүкіл әлемде танымал
155