Page 153 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 153
103-сурет. «Азиада-2011» және «Экспо-2017» эмблемалары
Кеңесіне мүшелігі Қа зақстанның әлемдік саясаттағы рөлін
мойындау белгісі еді.
Астана әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің съез-
дерін өткізетін орынға айналды. Мұндай алғашқы съезд
2003 жылы өтті. Содан бері тағы төрт съезд өткізілді. Бұл
жиындар бүкіл жер бетінде бейбітшілік пен келісім орнатуға
көмектеседі.
Қазақстан қалаларында ең заманауи спорт ғимараттары –
стадиондар, хоккей ареналары, велосипед жолдары, бокс
және атлетикалық залдар салынды.
2011 жылы біздің еліміз VII Қысқы «Азиада-2011» ойын-
дарын қабылдады. «Азиада-2011» Алматы мен Астана қала-
ларында өте жоғары деңгейде өтті. Оған азияның 26 елінен
1100-ден астам спортшы қатысты. Келесі үлкен халықаралық
спорттық іс-шара 2017 жылы Алматыда 28 «Қысқы Универ-
сиаданы» өткізу болды. Оған әлемнің 57 елінен 2000-нан
астам спортшы қатысты.
Қазақстанда хоккей, бокс, ауыр атлетика, дзюдо және бас-
қа да спорт түрлерінен әлем чемпионаттары өткізілді. Вело-
шабандоз Александр Винокуров, боксшы Геннадий Голов-
кин, зілтемірші Илья Ильин, мәнерлеп сырғанаушы Денис
Тен, жеңіл атлет Ольга Рыпакова, шахматшы Жансая
Абдулмалик және басқа да спортшылар Қазақстанның
даңқын асырып, әлі де даңқын шығарып келеді. Мұның бәрі
Қазақстанның әлемдегі спорт мемлекеттерінің қатарына
кіргенін білдіреді.
153