Page 150 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 150

тырылды.  Қазақстан-2050  стра те-

                                             гиясында Н. Назарбаев толыққанды
                                             мемлекет  құрудағы  пат рио тизмнің
                                             рөлін  ерекше  атап  өтті.  Қазақ  тілін
                                             латын графикасына көшіру бойынша
                                             жоспарлар  жария ланды.  Президент
                                             сондай-ақ  үш  тіл ді  –  қазақ,  орыс
                                             және ағылшын  тілдерін меңгерудің
                                             маңыздылығы туралы да атап өткен.
                  100-сурет. Рухани
                   жаңғыру логотипі          Осы  Жолдауда  Президент  Мәңгі-
                                             лік  Елдің  жалпыұлттық  патриоттық
             идея сын ұсынды.
                 2014  жылғы  «Нұрлы  Жол»  бағдарламасы  қабылданды.
             Осы  бағдарлама  бойынша  жаңа  жолдар,  тұрғынүйлер,
             балабақшалар, мектептер салынды.
                 2017 жылдан бастап мемлекетімізде барлық салаларын
             цифрландыру, ро бототехниканы,  жаңа  тех но логияларды
             дамыту бойын ша жұмыс басталды.
                 Қазақ стан халқының сана сын жаң  ғыр туды бастау мақ са-

             тында Ру хани Жаң ғыру бағдарла ма сы ұсынылды.
                 Стратегиялық  жоспарлау маңызды міндеттерді анықтау-

             ға,  қауіптерді  алдын-ала  болжауға,  кемшіліктерді  көруге
             мүмкіндік береді.
                 2019 жылы көп жылдар бойы елді ұдайы басқарып келген
             Нұрсұлтан  Назарбаев  Президент  қызметінен  кетуге  шешім
             қабылдады.  2019  жылы  өткен  сайлауда  Қасым-Жомарт
             Тоқаев жеңіске жетіп, еліміздің Президенті болып сайланды.
             Ол Қазақстанда және әлемде танымал  саясаткер. Қ. Тоқаев
             Тұңғыш Президент бастаған жұмыстарды жалғастырды. Ол

             өзінің алғашқы Жолдауында өзінің басты  міндеті –  еліміздің
             тұрғындарына қамқорлық жасау екенін жариялады. Қ. Тоқаев
             Қазақстанның  әділетті  құқықтық  мемлекетке  айналуы  үшін
             көп жұмыс істейді.
                 Қазақстанның  тәуелсіз  мемлекет  ретінде  қалыптасу  ке-
             зеңдері осындай.


           150
   145   146   147   148   149   150   151   152   153   154   155