Page 147 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 147
Елорданы көшіру біздің еліміздің өміріндегі жаңа кезеңнің
басы болды. Жаңа Астананың қарқынды дамуы бүкіл елдің
дамуына түрткі болды.
Астана халықаралық келісім құру орталығына айналды.
Ел президентінің бастамасы бойынша әлемдік және дәс түрлі
діндер көшбасшыларының бірнеше съездері, көптеген басқа
да халықаралық фестивальдар өтті. Қалаға бүкіл әлемнің
рухани көшбасшылары келді. Астанада 22 корольдар,
сұлтандар, 180 Президент, 109 үкімет басшылары және 114
халықаралық ұйым басшылары сапармен болған.
Қазақстанның жаңа елордасы бүкіл халықтың мақтаны-
шына, еліміздің дамуымен, оның жетістіктері мен жеңістерінің
символына айналды. 2019 жылы Астана қаласының атауы
Нұр-Сұлтан болып өзгертілді.
97-сурет. Еуразия ұлттық университеті
147