Page 142 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 142
Экономикалық проблемаларды шешумен бірге
Қазақстанға халықаралық деңгейде өз позицияларын
нығайту қажеттілігі туындады. Ең алдымен, мемлекеттік
шекаралар белгіленді. Қазір Қазақстанның шекарасы бүкіл
әлемге та нылған. Бізде ешқандай мемлекетпен шекаралық
аумақтық даулар жоқ.
Қазақстан тәуелсіз, бүкіл әлемге танылған ел ретінде
қалыптасуда. Қысқа мерзім ішінде тұрақты экономикасы бар
жылдам дамып келе жатқан мемлекет құруға, бейбітсүйгіш
қоғам қалыптастыруға қол жеткізілді.
Ақшаның құнсыздануы – бұл ең қажетті тауарлар-
дың бағасының өсуі.
Жұмыссыздық – елде еңбекке қабілетті адамдар
жұмыс таба алмайтын жағдайы.
Валюта – ұлттық, шетелдік және халықаралық ақша.
Теңге – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы.
? 1. Біздің елімізде Конституция күні қашан тойланады?
2. Қазақстанның ұлттық валютасы қалай аталады? Ұлттық ва-
люта – теңге қашан енгізілді?
3. Неліктен ұлттық валютаны енгізу қажет болды?
4. Халықтың әл-ауқатының өсуі қашан басталды?
5. Қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасында қандай
экономикалық және саяси мәселелер шешілді?
142