Page 138 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 138

1992  жылдың  басында  Мемлекеттік  рәміздерді  жасауға

             конкурс  жарияланды.  Байқауға  қатысушылардың  алдында
             күрделі міндет тұрды. Мемлекеттік рәміздер тек әдемі ғана
             болмауы керек еді. Олар халықтың тарихы мен мәдениетіне,

             жас мемлекеттің мақсаттарына сәйкес келуін талап етті. Ар-
             найы комиссия 1200-ден астам келіп түскен барлық ұсыны-
             старды мұқият қарады.
                 1992  жылғы  4  маусымда  Қазақстан  Республикасының

             Туы  мен  Елтаңбасы  бекітілді.  Бұл  күнді  барлық  қазақстан-
             дықтар Мемлекеттік рәміздер күні ретінде атап өтеді.
                 Тудың авторы – суретші  Шәкен Ниязбеков. Қазақстанның

             Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында
             қалықтап  ұшқан  бүркіт,  ал  тудың  сабында  ұлттық  өрнек
             бейнеленген. Тудың түсі бейбіт аспанды бейнелейді, аспанға

             табынған түркілерден бастау алған қазақтардың тарихымен
             байланысты. Күн бірлікті,  ал бүркіт – тәуелсіздік жолындағы
             ұмтылыстарымыздың  биіктігін  көрсетеді.  Ұлттық  ою-өрнек,
             сәуле біздің мәдениетімізді, дәстүрімізді бейнелейді.

                 Қазақстан  Республикасы  Елтаңбасының авторлары
             Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов. Елтаңба көгілдір
             түс  аясындағы  шаңырақ  түрінде  бейнеленген.  Шаңырақты

             айнала  күн  сәулесіндей  тарап  уықтар  шаншылған,  аңыз-
             дардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Шаңы-
             рақ  Қазақстанда  тұратын  барлық  адамдардың  ортақ  үйін

             білдіреді. Шаңырақтың беріктігі оның уықтарының беріктігіне
             байланысты. Мифтік жылқылар бейнесі қазіргі Қазақстанды
             сақ дәуірімен байланыстырады. Дәл осындай суреттер Есік
             қаласынан  шыққан  әйгілі  Алтын  адамның  қолында  болды.

             Аттардың қанаты Қазақстанның гүлденген, қуатты мемлекет
             құру  туралы  арманын  білдіреді.  Бес  бұрышты  жұлдыздың
             бейнесі  қазақстандықтар  әлемнің  барлық  халықтарымен

             ынтымақтастық үшін ашық деген ұмтылысын көрсетеді.


           138
   133   134   135   136   137   138   139   140   141   142   143