Page 135 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 135

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

              ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – Н.Ә. НАЗАРБАЕВ

            Осы тақырыптан сен:
              Қазақстанның Тұңғыш Президентінің өмірбаяны

              туралы білетін боласың.

            Тәуелсіз Қазақстанның тарихы оның Тұңғыш Президенті –
        Нұрсұлтан  Назарбаевтың  есімімен  тығыз   байланысты.  Ол
        1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Шамалған ауылында
        дүниеге келген. Нұрсұлтанның балалық шағы сұрапыл, ауыр
        әскери  соғыстан  кейінгі  жылдары  өтті.  Ол  әкесі  Әбіштің
        ешқашан бос отырмайтынын көрді. Сондықтан ол әрқашан
        ата-анасына  көмектесуге  тырысты.  Ерте  жастан  бастап  ол
        мал бағып, әкесімен шөп шауып, көкөніс бақшасы мен алма
        бағында шаруа жасауға көмектесті.

            Мектепті  бітіргеннен  кейін  Нұрсұлтан  өз  бетінше  өмір
        бастауға шешім қабылдайды.  Сол жылдары үлкен құрылыс
        өнеркәсіптің  даму  кезеңі  басталған  болатын.  Теміртаудағы
        Қарағанды металлургия комбинатының құрылысы басталға-
        ны туралы естіп, Нұрсұлтан металлург болуға шешім қабыл-





























                            88-сурет. Н.Назарбаев. Жас кезінде


                                                                                      135
   130   131   132   133   134   135   136   137   138   139   140