Page 133 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 133

КСРО-дан  Қазақстанға  ядролық  қарудың  үлкен  саны

        мұра болып қалды. Біздің еліміз бір түнде әлемдегі төртінші
        ірі  қордың  иегері  болып  шыға  келді.  Алайда  осы  алапат
        қаруға  ие  болудан  бас  тартты.  Қазақстан  әлемдік  жетекші

        мемлекеттердің  халықаралық  мойындауы  мен  қауіпсіздік
        кепілдігіне  ие  болды.  Қазақстан  өзін  әлемнің  сақталуына
        қамқорлық жасайтын жауапты мемлекет ретінде көрсетті. 1992
        жылы  Қазақстанда  қалған  барлық  ядролық  қарулар
        бөлшектеліп, елден шығарылды.

            Қазақстанның  жаңа  мәртебесі  1993  жылы  қабылданған
        жаңа  Конституцияда  бекітілді.  Ол  Қазақстан ның  тәуел сіз-
        дігін, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде бекітті, елдің одан

        әрі  дамуына  негіз  жасады.  Сонымен  бірге  1993  жыл ғы
        Конституция  бойынша  Кеңестер  сақтала  отырып,  Прези-
        дент тің  өкілеттіктері  туралы  мәселелер  толық  шешімін
        таппаған еді.




































                            87-сурет. Қазақстан Конституциясы


                                                                                      133
   128   129   130   131   132   133   134   135   136   137   138