Page 137 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 137
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР –
ТУ, ЕЛТАҢБА, ӘНҰРАН
Осы тақырыптан сен:
мемлекеттің басты рәміздері туралы білетін боласың.
Әрбір тәуелсіз мемлекеттің өз рәміздері бар. Бұл Елтаң-
ба, Ту және Әнұран. Қазақ халқының ата-бабалары сияқты
ежелден мемлекеттіліктің нышаны болған. Көшпелі мемле-
кеттердің жалаулары негізгі символдар ретінде құрметтелген.
Олардың жоғалуы соғыстағы жеңіліспен теңестірілетін.
КСРО құрамындағы Қазақ республикасының да Туы,
Елтаңбасы және Әнұраны болды, бірақ олар ұлттық ерекше-
ліктерді көрсетпеді. Барлық республикалардың тулары мен
елтаңбалары бір-біріне ұқсас болған.
Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, жаңа
мемлекеттік рәміздерді қабылдау туралы мәселе көтерілді.
Жаңа рәміздер бүкіл әлемге жаңа мемлекеттің күшті,
дамыған, бейбітсүйгіш ел болуға ұмтылысын көрсетуге тиіс
болатын.
Қазақстанның Қазақстанның
Мемлекеттік Елтаңбасы Мемлекеттік Туы
89-сурет. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
137