Page 141 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 141
91-сурет. Қазақстанның бірінші ұлттық валютасы
лы, Қазақстанның оңтүстігінде және Алматыда электр
қуаты жетіспеді. Өйткені, Совет одағы кезінде біз газ бен
электроқуатты басқа республикалардан алдық.
1998 жылы Қазақстан экономикасы дағдарыстан бір-
тіндеп шыға бастады. Тәуелсіздіктің арқасында еліміздің
өз хал қының ерекшеліктерін, өмір сүру жағдайларын еске-
ре отырып, тиімді шешімдер қабылдай алды.
2000 жылдардың басында халықтың әл-ауқатының өсуі
байқалды. Жалақы мен зейнетақылар тұрақты төлене баста-
ды. Бұрынғы тауарлар тапшылығы жойылды. Жұмыссыздық
пен кедейлік айтарлықтай төмендеді. Мемлекет уақтылы
қабылдаған шаралардың арқасында Қазақстан экономикалық
дағдарысты оңай жеңіп шықты. 2000 жылдан бастап 2015
жылға дейінгі кезеңде экономика қарқынды өсуді көрсетті.
Нәтижесінде біздің еліміз әлемдегі бәсекеге қабілетті ел
қатарына кірді.
141