Page 143 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 143
АСТАНА – ЖАҢА ЕЛОРДА
Осы тақырыптан сен:
Қазақстан астанасын көшіру себептері туралы
білетін боласың.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Алматыда
жарияланды. Алматы қаласы Кеңестік заманынан мемле-
кетіміздің астанасы болған еді. Бұл әдемі заманауи қала,
бірақ жаңа жағдайда ол елдің бас қаласы мәртебесіне
сәйкес келмеді. Алматы республиканың орталығында емес,
шекараның жанында орналасқан. Ол таудың жағасында
салынған. Сол себептен қаланың дамуы қиын болған.
Қазақстан басшылығы астананы Орталық Қазақстанға кө-
шіру туралы мәселені бірден қарай бастады. Таңдау Ақмола
қаласына түсті.
Н. Назарбаевтың ұсынысы бойынша 1994 жылғы 6 шіл-
деде астананы Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.
Бұл күн бүгін Қазақстан Республикасы ның Астанасы күні
ретінде мерекеленеді. 1997 жылы дайындық жұмыстары
аяқталып, 10 желтоқсанда Ақмола Тәуелсіз Қа зақстанның
астанасы болып жарияланды. 1998 жылы ол Астана болып
өзгертілді.
1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімі бойынша «Әлем қа-
ласы» атағын алды. Мұнда түрлі ұлттар мен діндердің өкіл-
дері бейбіт өмір сүруде.
Жаңа Астана тез өсіп өркендей түседі. Жиырма жыл дан
аз уақыт ішінде оның халқы төрт есе өсті миллион тұрғынға
жетті. Астана әлемдегі ең әдемі қалалардың біріне айналды.
«Хан Шатыр», «Бәйтерек», Бей біт шілік және Келісім сарайы,
«Думан» океа нариумы, «Нұр-Әлем» болашақ энергиясы
музейі сияқты сәулет жауһарлары салынды. Бұл ғимарат-
тар барша әлемнің таң данысына және мойындауына лайық.
143