Page 146 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 146

96-сурет. Астана-Опера

                 Астана Қазақстанның мәдени астанасына айналды. Қала-
             да ондаған музейлер мен театрлар жұмыс істейді. 2013 жылы
             және тез арада бүкіл әлемге танымал болған Астана-Опе-
             расы ашылған. Қазақстан Республикасының Ұлттық Акаде-
             миялық кітапханасы мен Ұлттық музейі ірі мәдени орталық-

             тарға айналды.
                 Астана Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азияның
             білім  беру  және  ғылыми  орталығы.  Мұнда  он  шақты  ірі
             университет, соның ішінде Лев Гумилев атындағы Еуразия
             ұлттық университеті және Назарбаев университеті ашылып,
             студенттерді оқыта бастады.
                 Астанада ірі өнеркәсіптік орталықтар орналасқан. Мұнда

             ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  өңдейтін  кәсіпорындар,
             вагондар, тепловоздар, тікұшақтар, күн панельдері, құрылыс
             материалдарын шығаратын зауыттар орналасқан.


           146
   141   142   143   144   145   146   147   148   149   150   151