Page 136 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 136

дайды. Мамандық алу үшін ол Украинадағы Днепродзер жинск
             қаласында  білім  алады.  Табандылық,  жігерлілік  қасиеттері
             оған таңдаған мамандығы бойынша барлық оқу пәндерін өте
             жақ сы игеруге мүмкіндік береді.
                 1960 жылы Нұрсұлтан Назарбаев еңбек жолын Теміртау-
             дағы металлургия комбинатында бастады. Қарағанды поли-
             тех никалық институтында және Теміртау қаласындағы жоға-
             ры  техникалық  оқу  орнында  жоғары  білім  алып,  диплом
             алады.
                 1973 жылы жас Нұрсұлтан комбинат ұйымын басқарушы-
             лар қатарына кірді. Бұл іс үлкен жауапкершілікті талап етті.
             Н. Ә. Назарбаев өндіріс, жөндеу және құрылыс, кәсіпорынды
             жабдықтау, комбинат жұмысшыларының тұрмыстық, тұрғын
             үй, мәдени және отбасылық істері мәселелерін де шешті.
                 Нұрсұлтан  Назарбаев  әрқашан  адамдардың  игілігі  үшін
             жұмыс  істеп  келеді  және  өзін  адамдардың  қолдайтынына
             әрқашан сенімді.
                 1979  жылы  Нұрсұлтан  Назарбаев  Қазақстанның  жоғары

             басшылығының қатарына кірді. Ол Үкіметтің ең жас мүшесі
             болды.
                 Нағыз патриот ретінде оны туған мәдениеті мен ана тілінің
             тағдыры  алаңдатты.  Оның  кейінгі  қызметі  Н.Назарбаевтың
             ең алдымен адамдардың мүддесі туралы ойлағанын көрсетті.
                 1989 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ССР басшысы бо-
             лып тағайындалды. Осы сәттен бастап Н. Назарбаев өзінің
             бүкіл күш-жігерін Қазақстанның алдымен экономикалық, со-
             дан кейін саяси дербестікке қол жеткізуіне жұмсады.
                 Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміз тәуелсіз-
             дік  алды.  Қазақстан  экономикалық  дамыған,  әлемдегі  құр-
             метті  мемлекетке  айналды.  Тұңғыш  Президентінің  еңбегін
             жоғары  бағаланып  2010  жылғы  15  маусымда  оған  Елбасы
             мәртебесі берілді.

               ?
                        1.  Тұнғыш президенттің балалық және мектеп жылдары ту -
                           ралы айтып бер.
                        2.  Н.Ә.Назарбаевтың саясаттағы жолы туралы әнгімеле.

           136
   131   132   133   134   135   136   137   138   139   140   141