Page 134 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 134
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін жариялау ха-
лық өміріндегі маңызды тарихи оқиға болып саналады. Біздің
еліміз дамудың жаңа жолына түсіп, халықтың бостандық
туралы ғасырлық армандарын жүзеге асырды. Тәуелсіздік
қазақстандықтарға өз тағдырын өздері шешуге, мәдениетін,
тілі мен дәстүрін дамытуға мүмкіндік берді. Бүгінде респуб-
ликаның әрбір азаматы өз тәуелсіздігін мақтан тұтады. Біздің
еліміздің тәуелсіздігі – халықтың ең басты байлығы. Біз-
дің әрқайсымыздың парызымыз Республикамыздың Тәуел-
сіздігін бағалау және құрметтеу.
Шекара қызметі – еліміздің шекарасын күзететін әскери
бөлімдер.
Министрлік – белгілі бір саланы басқаратын мемлекеттік
орган. Денсаулық сақтау, білім, ғылым, сауда және басқа
министрліктер болуы мүмкін.
Конституция – мемлекет құрудың мақсаттарын және ел
азаматтарының құқықтары мен міндеттерін сипаттайтын
мемлекеттің негізгі заңы.
? 1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі қашан жария-
ланды?
2. Мемлекеттің негізгі Заңы қалай аталады?
3. Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы қа-
шан қабылданды?
4. ТМД құрамына қандай мемлекеттер кірді?
5. «Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың толыққанды
мүшесі болды» деген сөзді түсіндір.
6. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қашан құ-
рылды?
7. Неліктен мемлекетке өз әскерін құру қажет? Қалай ой-
лайсың?
8. Қазақстан неге ядролық қарудан бас тартты?
9. «Тәуелсіз мемлекет» мәртебесі нені білдіреді?
134