Page 130 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 130

Н. Ә. Назарбаев және басқа республикалардың көшбас-

             шылары  КСРО-да  реформалар  жүргізуге  дайындалды.
             Олардың  атауы  бойынша  жаңа  одақ  құру  және  барлық
             республикаға тең құқық беру. 1991 жылдың тамызында осы
             ке лі сімге қол қою керек болатын. Бірақ КСРО-ны сақтауды

             жақ таушылар Мәскеуде төңкеріс жасады. Олар  КСРО-ның
             заңды президенті Михаил Горбачевті басшылықтан кеті руге
             тырысты.  Олардың  мақсаты  –  Совет  Одағының  бұрынғы
             қалпын сақтап қалу еді. Бұл төңкеріс сәтсіз өтті. Халық ас-
             тыртын  әрекет  жасаушыларды  қолдамады.  Республика
             басшылары, оның ішінде Н. Ә. Назарбаев төңкеріс қатысу-

             шыларын айыптады.
                 Осыдан  кейін  КСРО  ыдырай  бастады.  Қазақстан  КСРО
             құрамынан шықты. Н. Ә. Назарбаев тәуелсіздік жариялады.
                 1991 жылы  1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет
             бүкіл халықтық Президент сайлауы өтті. Президент болып

             Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Жалпыхалықтық
             қолдау Н. Ә. Назарбаевқа елде реформалар жүргізуді бас-
             тауға мүмкіндік берді.
                 1991 жылдың 10 желтоқсанында Н. Ә. Назарбаев прези-
             денттік қызметке кірісті. Сол күні Қазақ Кеңестік Социалистік
             Республикасы Қазақстан  Республикасы деп аталады.




                Реформа  –  білім,  экономика,  сауда,  денсаулық  сақтау
                сияқты кез келген саланың жағдайын жақсарту үшін енгі-
                зі летін өзгерістер.

                Декларация – үкіметтің ресми мәлімдемесі.
                Мемлекеттік  Егемендік  туралы  Декларация  –  Қазақ
                КСР-нің егемендігін жариялап, тәуелсіз мемлекеттің негі-
                зін қалаған құжат. Ол 1990 жылы 25 қазанда қабылданды.

                Егемендік  –  мемлекеттің  ішкі  және  сыртқы  істердегі
                тәуелсіздігі.




           130
   125   126   127   128   129   130   131   132   133   134   135