Page 132 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 132

ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК

                                ТӘУЕЛСІЗДІГІН ЖАРИЯЛАУ

                 Осы тақырыптан сен:

                   Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін жариялауы
                   туралы.


                 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Респуб-

             ликасының  тәуелсіздігі  жарияланды.  Бұл  күн  мемлекет-
             тік  мереке  –  Қазақстанның  Тәуелсіздік  күні  ретінде  атап
             өтіледі.
                 Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Қазақ-
             стан  аумағы  біртұтас,  бөлінбейтін  мемлекет  деп  айтылды.
             Барлық табиғи байлықтар жаңа тәуелсіз мемлекеттің айрық-
             ша меншігіне айналды.
                 Еліміздің  тәуелсіздігін  мойындаған  алғашқы  ел  Түркия
             еді. Соңынан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін
             Румыния, Ресей, Пәкістан, Украина елдері  мойындайды.
                 1991 жылы 20–21 желтоқсанда Қазақстанның сол кездегі

             астанасы – Алматы қаласында КСРО-ның ыдырауы нәтиже-
             сінде пайда болған барлық елдердің басшылары жиналды.
             Олар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы – ТМД құрыл ғанын
             жария лайды.  Осыдан  кейін  әлемнің  барлық  елдері,  Қазақ-
             станның тәуелсіздігін мо й ындайды.
                 1992 жылы наурызда біздің ел Біріккен Ұлттар Ұйымына
             қабылданды.  БҰҰ  –  әртүрлі  ірі  елдердің  бір  ұйымға  бірігуі.
             Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың толыққанды мүшесі
             атанды.

                 1992  жылы  Қазақстан  Шекара  қызметін  құрды.  Жеке
             министрліктер мен ведомстволар құрылды.
                 Елдің тәуелсіздігі өз әскерін құрмай мүмкін болмады. 1992
             жылғы  7  мамырда  Қазақстан  Республикасының  өз  әскері
             құрылды. Бұл күн бүгін Отан қорғаушылар күні ретінде атап
             өтіледі.




           132
   127   128   129   130   131   132   133   134   135   136   137