Page 152 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 152
ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМ КАРТАСЫНДА
Осы тақырыптан сен:
Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтағы жағдайы
туралы білетін боласың.
Тәуелсіз Қазақстан ядролық қарудан бас тартып әлемге
өзі нің бейбітсүйгіштігін көрсетті. Соның арқасында қысқа
уақыт ішінде әлемдік қоғамдастықта қадірлі мемлекетке
айналды.
Қазақстанның 2010 жылы әлемдегі ең ықпалды ұйымдар-
дың бірі – ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі Дүниежүзілік мойындау-
дың белгісі болып табылды. Нәтижесінде әлемдік тарих үшін
маңызды шешімдер қабылдаған ЕҚЫҰ-ның Астанада өткен
Саммиті болды.
Елдің өсіп келе жатқан беделі Қазақстанға 2011–2012
жылдары мұсылмандар тұратын мемлекеттерді бі рік тіретін
халықаралық – Ислам Ұйымы ның төрағасы лауазымын ат-
қаруға мүмкіндік берді. 2017–2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік
102-сурет. ЕҚЫҰ отырысы
152