Page 154 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 154
104-сурет. Қысқы Универсиаданың салтанатты ашылуы
2017 жылы Астанада «ЭКСПО-2017» Халықаралық көр-
месін өткі зу маңызды оқиға болды. Бұл көрме Болашақ
энергиясына арналды. Оған 115 мемлекет қатысты. Көрмеге
әлемнің түк пір-түкпірінен 4 миллионнан астам адам келді.
Қазақстан тәуелсіздік жылдары әлем картасында елеу лі
орын алды. Біздің еліміз барлық ірі халықаралық іс-шара-
ларға белсенді қатысады. Қазақстан танымал және құрметті
мемлекетке айналды.
ЕҚЫҰ – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
ұйымы.
Универсиада – студент-спортшылардың Бүкіләлемдік
жарысы. Оларды Студенттік Олимпиадалар деп атайды.
ЭКСПО – техникалық және технологиялық жетістіктер-
ді көрсететін алаң болып табылатын халықаралық
көрмелер.
? 1. Қазақстанның әлемдік іс-шараларға қатысуы туралы қан-
дай іс-шаралардан көрінеді?
2. Қазақстанда өткен әлемдік деңгейдегі спорттық іс-шаралар
туралы айтып бер.
3. Халықаралық жарыстардың жеңімпаз қазақстандық спорт-
шыларын атап айт.
154