Page 162 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 162

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ


                 Осы тақырыптан сен:
                   Қазақстан халқы Ассамблеясы дегеніміз не  екенін
                   білетін боласың.


                 КСРО ыдырағаннан кейін көптеген республикаларда ұлт-
               аралық  қақтығыстар  басталды.  Кейбір  жерлерде  нағыз
             соғыстар басталды. Адамдар өліп, үйлер қирады. Онсызда
             әлсіз экономика ақыры құлдырады. Сондықтан жас тәуелсіз
             Қазақстанның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – ел
             ішінде бірлік пен келісімді сақтау еді.
                 Осы мақсатта 1995 жылдың 1 наурызында Нұрсұлтан
             Назарбаевтың  бастамасымен  арнайы  ұйым  –  Қазақстан
             халқы Ассамблеясы құрылды. Оған қонақжай елімізде тұра-
             тын барлық халықтардың  өкілдері  кірді. Бұл  күн біздің  елі-

             мізде Алғыс айту күні ретінде атап өтіледі.
                 Қазақ халқында бейбітшілікті сақтауда ерекше жауапкер-
             шілік  бар.  Ол  өз  жерінде  басқа  халықтардың  өкілдерін  қо-
             нақжайлылықпен қабылдаған.































                         113-сурет. Қазақстан халықтарының ассамблеясы


           162
   157   158   159   160   161   162   163   164   165   166   167