Page 169 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 169

Географиялық  өлкетану  –  аймақтың  климатының  осы

        аймақта  өмір  сүрген  халықтардың  оқиғаларына,  өмірі  мен
        әдет-ғұрыптарына  қалай  әсер  еткенін  зеттейді.  Мысалы,
        көшпелі  мал  шаруашылығы  қазақтарда  дамығанын  біле-
        міз,  өйткені  Қазақстанның  үлкен  аумағында  жер  және  кли-
        мат  егіншілікке  жарамсыз  болған.  Ал  Қазақстанның  кең
        жайылымдары мал шаруашылығының дамуына әсер етті.
            Тарихи өлкетану – өлке аумағында болған оқиғаларды

        зерттейді. Ол тарихи оқиғаларға, жеке тұлғалардың қызметіне
        байланысты ескерткіштерді, ескерткіш орындарды зерттейді.
        Өлкетанушылардың  осындай  жұмысының  арқасында  біз
        өлкенің  көрнекті  адамдары,  олардың  Отан  алдындағы  ер-
        ліктері  мен  сіңірген  еңбектері  туралы  білеміз.  Ұлы  шай-
        қастардың қайда және қашан өткенін білеміз. Тарихшы-өлке-
        танушылар  бізге  қалалардың  қалай  салынып  дамығаны
        туралы айтып береді.
            Археологиялық  өлкетану  –  адамзат  өмірінің  ежелгі

        ке зеңін  зерттеумен  байланысты.  Археологтар  сақталған
        ны сан дарды  іздеумен  және  зерттеумен  айналысады.  Ар-
        хео  логиялық  нысандар  зерттелген  аймақта  өмір  сүрген
        адамдардың  материалдық  және  рухани  мәдениетінің  да-
        муы  туралы  айтады.  Дәл  осы  археологтар  қазақстандық

        қор ғандарды  тауып,  зерттеді.  Қазақтардың  ата-бабалары
        алғаш қы болып жылқыны қолға үйреткендерін дәлелдеді.

            Әдеби  өлкетану  –  бұл  әр  түрлі  баспа  көздерін,  әдеби
        басылымдарды  зерттеу.  Бұл  анықтамалық  кітаптар,  мақа-
        лалар жинақтары, туған жерге арналған оқулықтар, жергілікті
        газеттер мен журналдар болуы мүмкін.
            Сондай-ақ,  өлкетану  әдебиетіне  шығармашылығы  зерт-
        телген аймақпен тығыз байланысты жазушылар мен ақын-
        дардың шығармалары кіреді.
            Бағалы  экспонаттардың  арқасында  біз  Қазақстан  дала-
        сында  көптеген  ұрпақтардың  даму  көрінісін  көре  аламыз.

        Тұтас халықтың да, оның жекелеген өкілдерінің де ерліктерін,



                                                                                      169
   164   165   166   167   168   169   170   171   172   173   174