Page 171 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 171
120-сурет. Қостанай қаласындағы тарихи өлкетану мұражайы
еңбексүйгіштігін, батылдығы мен даналығын бағалауымыз
керек. Қазақстанның жаңа көп томдық тарихын дайындау
барысында өлкетанулық зерттеулердің нәтижелері ғалымдар
тарапынан сұранысқа ие болуы мүмкін.
Өлкетану – бұл белгілі бір өлкенің табиғат ерекшелікте-
рін, тарихын, мәдениетін, ескерткіштерін, аңыздарын
зерт тейтін ғылым.
Экспозиция – жалпы тақырыппен немесе бір сюжетпен
біріктірілген мұражай экспонаттарын көрсету.
? 1. Өлкетану қандай көздерді пайдаланады?
2. Өлкетану экспонаттарын қайдан көруге болады?
3. Географиялық өлкетану нені зерттейді?
4. Археологиялық қазба жұмыстарын зерттеумен өлкетанудың
қандай түрі айналысады?
5. Өлкетану біздің еліміз үшін қандай маңызға ие?
6. Қазақстанның алғашқы өлкетанушылары кім болды?
171