Page 174 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 174
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ халқы өз тарихын мақтан тұтады. XV ғасырда
біртұтас ұлт құра отырып, қазақтар өздерін «қазақ» деп
атады. Ол ежелгі түркі сөзінен шыққан және де «еркін»
немесе «тәуелсіз» деген мағынаны білдіреді. Көптеген
шабуылдардан аман өтіп, қазақтар XIX ғасырда Ресей
империясынын құрамына енген болатын. 1917 жылғы төңке-
рістен кейін Қазақстан кеңестік республикаға айналды.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 жел-
тоқсанда жарық көрді.
Еуразияның ортасында орналасқан Қазақстан аумағы
бойынша әлемдегі тоғызыншы мемлекет. Мемлекетіміздің
аймағын Батыс Еуропамен сәйкестендіруге болады және
Франция аумағынан бес есе көп.
Қазақстан үлкен тарихи кезеңдерден өтті. Біз мақтануға
тұрарлық көптеген жетістіктер бар екенін ұмытпауымыз керек.
Ғасырлар бойы көптеген халықтар жоғалып кетті, соғыстарға
төтеп бере алмады, өз жерлерін, мәдениетін, әдет-ғұрпын,
тілін қорғай алмады.
Қазақ халқы ұлы мемлекетті құрып, оны қорғап қалды.
Біздің әкелеріміз бен аталарымыз елі мен жерін қорғай отыра,
бізге Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүруді сыйлады!
Бүгінде біздің еліміз тәуелсіздігін сақтап қана қоймай,
өркендеп, бейбіт, заманауи мемлекетке айналып, дамуын
жалғастыруда.
174