Page 5 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 5

Оқулықпен қалай  жұмыс істеу керек





                                    Қымбатты дос!

            Біз  сенімен  бірге  Қазақстан  тарихын  оқуды  жал ғасты-
        рамыз. Бұл оқулықта тарихи оқиғалар сипат талған. Оқулық
        өткен ғасырдың ортасынан бастап Қазақстан тарихын сипат-

        тайды.  Онда  бүгінгі  Тәуелсіз  Қа зақстанның  қа лып тасуына
        ықпал еткен тарихи оқиғалар туралы айтылады.
            Оқулықтың  соңында  мазмұны  ұсынылған.  Соның  көме-
        гімен қажетті мәтінді тез табуға болады.
            Кітаптағы  мәтінді  оқығанда  тарихи  картаға  зер  салған
        дұрыс. Ол мемлекеттердің орналасқан жерімен, оқиға орын-
        дарын елестетуге көмектеседі.
            Мәтіндегі мәнді сөздер көк түспен ерекшеленген. Сұрақ-
        тарға жауап бергенде осы сөздерді пайдаланған дұрыс.

            Жасыл   қоршауда   тарихи  терминдерге  түсініктеме  бе-
        рілген. Бұл сөздердің мағынасын білу жаңа тақырыпты түсі-
        нуге және игеруге көмектеседі.
            Мәтін  соңындағы  сұрақтар  мен  тапсырмалар  меңгерген
        сабақты  бекітуге  арналған  және  ол  қиындығына  қарай  жік-
        телген. Тапсырманы таңдауда сізге мұғалім көмектеседі.

            Кейбір  тапсырмаларды  дәптерге  орындау  керек.  Күл гін
        шеңбер мен   белгіленген тапсырмаларды барлығымен бір ге
        мұға лім нің басшылығымен орындау керек. Тапсырмаларды
        орындау кезінде сұрақтарды мұқият оқып, оқулыққа сүйене
        отырып жауабын табуға болады.








                                                                                        5
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10