Page 8 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 8
2-сурет. Ежелгі мекендер
Алғашқы қауымдық кезең адамның пайда болған шағы-
нан басталады. Адамның арғы тегі бұдан 2 миллион жылдай
бұрын жануарлар әлемінен бөлініп шыққан. Алғашқы адамдар
адамтектес маймылдардан аз ерекшеленді. Өз еңбегінің
арқасында алғашқы адамдар біртіндеп дамыды. Оларда жаңа
дағдылар пайда болды: от жағу және оны пайдалану, киім тігу,
құралдар жасау, бірлесіп еңбек ету. Нәтижесінде алғашқы
адамдардың сыртқы бейнесі өзгерді, миы дамыды, сөйлеу
тілі қалыптасты. Бұл даму үрдісі эволюция деп аталады. Ол
өте ұзақ бірнеше мыңжылдыққа созылды. Алғашқы адамдар
қазіргі заманғы адамға ұқсас түрге ие болды. Бұл шамамен
100 мың жыл бұрын болған.
Қазақстан аумағында ең алғашқы адамдар қоңыстаған
жерлері еліміздің оңтүстігінде, Қаратау тауларының бөкте-
рінде табылды. Олардың негізгі шаруасы аңшылық, балық
аулау және терімшілік болды. Ежелгі адамдар аң аулау мен
8