Page 13 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 13
5-сурет. Қазақ хандығының аймағы. ХV–ХVI ғасырлары
бүгінге дейін таңғалатын Қожа Ахмет Яссауи, Арыстан Баба
кесенелері бой көтерді.
ХIII ғасырдың басында Қазақстан аумағы Ұлы Ұлыс мем-
лекетінің құрамында болды. Кейбір деректемелерінде Ұлы
Ұлыс Ал тын Орда деп аталатын. Бұл сансыз әскері бар аса
ірі, әрі қуатты мемлекет болатын. Ұлыс билеушілері – хандар
Еуропа мен Азияның көптеген елдерімен сауда жасасып,
қатынас орнатты. Мемлекетте көптеген қалалар мен керуен
жолдары салынды. Бұл Ұлыстың билігі 300 жылға жуық со-
зылды. Қазақ халқы да осы Ұлы Ұлыс кезінде қалыптаса
бастады.
Ұлы Ұлыстың халқы таптарға бөлінген. Ұлы Ұлысты бас-
қарғандар Шыңғысханның ұрпақтары болды. Олар «ақ сүйек»
немесе «төре» деп аталды. Тек Шың ғыс ханның ұрпақ та ры
ғана қазақтардың билеушілері бола алды. Олардың орта-
сынан сұлтандар – жекелеген рулардың билеушілері шықты.
13