Page 14 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 14
Ол кезде аумақтық белгілері бойынша барлық қазақ
рулары үш жүздің құрамына кірген. Олар: Ұлы жүз, Орта жүз
және Кіші жүз.
Ұлы жүз – Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу, Орта жүз –
Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан, Кіші жүз – Батыс
Қазақстан аумақтарын қамтыды.
ХV ғасырда Қазақ хандығы құрылғаннан кейінгі кезең
Жаңа заман кезеңі деп аталады. Қазақ хандығының негізін
қалаған Керей мен Жәнібек сұлтандар болды. Олар қазақ
тайпаларын біріктіріп, 1465 жылы тәуелсіз мемлекет құрды.
Қазақ хандығы өзінің ең құдіретті шағына ХVI ғасырда
жетті. ХVII ғасырда қазақтар мен жоңғарлар арасындағы
тартыс шиеленісе түсті. ХVII ғасырдың соңы мен ХVIII ға-
сыр дың басында жоңғарлар Қазақстанның шығысы мен
оң түстігіндегі көптеген жерлерді басып алды. Бір жағынан
6-сурет. Қазақ жүздері
14