Page 19 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 19
дарын айдап әкетіп, шетелге жаппай қоныс аударды. Сол
кезде 1 миллионнан астам адам отанын тастап, көшіп кетті.
Оның ішінде 200 мыңнан астам адам шетелге, оның ішінде
Қытайға, Иранға, Түркияға көшкен.
Басқалары бірігіп, көтеріліске шықты. Осылайша, 1929–
1931 жылдары 80 мыңға жуық адам қатысқан 372 көтеріліс
орын алды. Бірақ көтерілістердің бәрін күшейген Кеңес Ар-
миясы аяусыз басты.
Елдегі осы өзгерістердің барлығы елімізде жаппай
ашаршылықтың басталуына әкеп соқтырды. Ол елдің бар-
лық тұрғындарына әсерін тигізді. Алайда, көп зардап шек-
кен көшпелі қазақтар болды. Өйткені, мал олардың негізгі
және жалғыз тамақтану жолы еді. 1931–1933 жылдардағы
аштықтан 2 миллионға жуық адам қайтыс болды.
Сонымен қатар азып-тозған қазақтар қалаға кетуге мәж бүр
болған. Осылайша қазақ көшпенділері жаппай отырықшы
өмір салтына көшті. Бұл оқиғалар қазақ халқының тұрмысы
мен мәдениетіне өзгерістер енгізді.
Ұжымдастыру – ауыл шаруашылығында істейтін адам-
дарды күштеп ұжымдарға біріктіру. Соның негізінде кол-
хоздар пайда болған.
? 1. Жаңа тарих кезеңі қай кезде басталды?
2. Алаш автономиясын кім құрды?
3. Қазақстан аумағында 1917 жылдан кейін қандай республи-
калар құрылды?
4. 1936 жылы еліміз үшін қандай маңызды оқиға болғанын
мәтіннен тауып, оқы.
5. КСРО-ның картасын қара. ҚазКСР тауып, шекарасын көр-
сет. Сол кездегі астанасын көрсет (7-сурет).
6. 1930 жылдардағы халық көтерілістерінің себептерін ата.
7. Ұжымдастыру кезеңінде қазақ халқы неге басқа елдерге қо-
ныс аударды?
19