Page 15 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 15

Ресей империясы күшейді. Енді қазақтарға мемлекет пен
        халықты  қалай  сақтап  қаламыз  деген  күрделі  міндетті
        шешуге тура келді.
            1731 жылы қазақ билеушілерінің бір бөлігі Ресей бодан-
        дығын қабылдады. Олар өздерін жоңғар шапқыны қатерінен
        сақтап  қалмақшы  болды.  Сонымен  бірге,  қазақтар  Ресей-
        мен сауда жасасуға да мүдделі еді. Алайда, ел тәуелсізді-
        гінен  айырылуға қазақ сұлтандары, билері мен батырлары-

        ның бәрі бірдей келіспеді. Қазақ хандығында іріткі туындап,
        ол бірнеше жекелеген иеліктерге ыдырады. Көптеген қазақ
        тайпалары  көрші  мемлекеттер  билігінің  иелігінде  қалды.
        Ресей  Қазақ  жерін  толық  бағындырмақ  мақсатпен  хандық
        билікті жойды. ХIХ ғасырда Қазақ жері біржолата Ресей им-
        периясының отарына айналды.


            Ұлы Жібек Жолы – ежелгі және орта ғасырларда Шығыс

            Азия  мен  Жерорта  теңізін  байланыстыратын  керуен
            жолы. Негізгі тасымалданған тауар жібек мата болды.
            Тап – мұрагерлікпен берілетін, ерекше құқығы бар адам-
            дар тобы.



          ?         1.  Сөйлемді жалғастыр.
                      Орта ғасыр – бұл …
                      Анықтамалық  сөздер:  жаңа  заман  тарихы,  орта  ғасыр
                      тарихы.
                   2.  Неліктен  Еуропадан  Қытайға  жүретін    керуен  жолдарын
                      Ұлы Жібек жолы деп атады?
                   3. Ұлы Жібек жолында қазақтың қандай қалалары орналасты?
                   4. Ұлы Ұлыс мемлекеті басқаша қалай аталады?

                   5. Төрелер деп кімдерді атады?
                   6. Қазақ рулары қандай белгі бойынша үш жүзге бөлінді?
                   7. Картада жүздер аймақтарын көрсет (6-сурет).
                   8. Қазақ хандығын кім құрды?
                    9. Неге қазақ билеушілері 1731 жылы Ресейге қосылуға шешім
                     қабылдады?


                                                                                       15
   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20