Page 20 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 20
ҚАЗАҚСТАН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АЛДЫНДА
Осы тақырыпта сен:
Ұлы отан соғысы алдында біздің елімізде қандай өзге-
ріс тер болғаны туралы білесің.
ХХ ғасырдың басында Қазақстанда тек сәтсіз өзгеріс-
тер ғана болған жоқ. Бұл кез Қазақстан үшін өнеркәсіптің
қарқынды даму жылдары да болды. Қазақ Республикасының
индустрия лық дамуының ерекшелігі – кен өндіруші және
өңдеуші өнеркәсіптің дамуы. Әсіресе металлургия. Қазақ жер-
лері әртүрлі кендерге, мұнайға, газға және көмірге өте бай.
Барлық осы қазбалар белсенді түрде өндіріліп, бүкіл КСРО-
ның қажеттіліктері үшін пайдаланыла бастады. Барлық жаңа
кәсіпорындарды жұмыс күшімен қамтамасыз ету үшін Қа-
зақстанға Ресей, Украина, Белоруссия және КСРО-ның басқа
да республикаларының тұрғындары қоныс аударды.
Бұдан басқа, күштеп депортациялау саясаты шеңберін-
де біртұтас халықтар қазақ жерлеріне көшірілді. Немістер,
корейлер, поляктар, финдер, қырым татарлары, қалмақтар,
кавказ халықтары және тағы басқада ұлттар қоныс аударды.
Олар қазақ жеріне дүние-мүліксіз, киім-кешексіз, ақшасыз,
малсыз келді. Қазақтар оларды өз отбасыларына қабылдап,
қиын жылдары тамақпен, киіммен бөлісті. Бұл халықтар ара-
сындағы достық байланыстарды нығайтуға, мәдениетті өза-
ра байытуға көмектесті.
Осы кезеңде жиыны 1 миллион 800 мыңнан астам адам
республикаға қоныс аударды. Осылай Қазақстан көпұлтты
республикаға айналды. Осы халықтардың көптеген өкілдері
Қазақстанда тұрақтанып, әлі күнге дейін осында өмір сүріп
келеді. Олар біртұтас халық – қазақстандықтарға қосылып,
Қазақстанды өздерінің екінші Отаны деп санайды.
20