Page 17 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 17

республикасы болып Ресей федерация құрамына кірді. Сол

        кезде  еліміздің  елордасы  Қызылорда  қаласы  болған.  Бірақ
        бұл республикамыздың негізгі өнеркәсіптік орталықтарынан
        алыс  орналасқан  шағын  қала  еді.  Сондықтан  1927  жылы
        астананы Алма-Ата (қазіргі Алматы қаласы) қаласына ауыс-

        тыру туралы шешім қабылданды.
            Алма-Ата  тез  өсіп-дами  бастады.  Ол  сол  кезден  бастап
        бүгінгі  күнге  дейін  біздің  өнеркәсіптік,  мәдени  және  білім
        беру  орталығына  айналды.  Сұлулығы,  табиғаты  және  қала
        айналасындағы  көптеген алмабақтары үшін Алматыны «қа-

        ла-бақ» деп атайды.
            1936 жылы біздің еліміздің тарихында тағы бір маңызды
        оқиға  орын  алды.  Қазақ  автономиясы    Ресей  Федерация-
        сының  құрамынан  шығып,  одақтық  республика  мәртебесін

        алды.
            1920–1940  жылдар  аралығында  қазақ  халқының  өмірі-
        не көптеген өзгерістер енді. Көшпелі қазақтар дәстүрлі мал
        өсіру  шаруашылығымен  айналысқан.  Олар  ғасырлар  бойы
        отбасыларына,  руларына  тиесілі  жерлерде  мал  баққан.

        Кеңес одағында барлық жерлер мен кәсіп орындар мемле-
        кеттің меншігіне ауысты. Сондықтан енді  қазақ руларының
        жерлерінде астық егу  басталды.
            Тағы айтарлықтай мәселе – қалалар көбейді. Олар өзен-
        дер  мен  басқа  да  су  айдындарының  жанында  салынды.

        Бұрын бай жайылымдық жерлер көлемі күрт азайды. Бұл қа-
        зақ  тұрғындарының негізгі кәсібі – мал шаруашылығына  үл-
        кен зиян тигізді.
            Сонымен қатар, КСРО армиясы қажеттіліктері мен өнер-
        кәсіптік  аудандарды  тамақтандыру  үшін  қазақ  халқынан

        мал тартып алынды. 1930 жылдардың басында ұжымдас-
        тыру  саясаты  басталды.  Шаруалар  күштеп  ұжымдық
        шаруашылықтарға  (қысқаша  –  колхоздарға)  біріктірілді.
        Көптеген халық бұл саясатқа қарсылық білдірген. Көбісі  мал-



                                                                                       17
   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22