Page 16 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 16
ҚАЗАҚСТАН ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХЫНДА
Осы тақырыпта сен:
Алаш автономиясы туралы;
неге Казақстан аумағында 1929 –1931 жылдары 372 кө-
теріліс болғанын;
қазақтар қалай отырықшы өмір салтына көшкенін;
казақтардың қоныс аударғандары туралы есіңе тү-
сіресің.
Қазіргі заман тарихы – ХХ ғасырдан бастау алып біздің
заманымызға дейін созылады. ХХ ғасырдың басында, 1917
жылы Ресей империясында Владимир Ленин бастаған боль-
шевиктер партиясы билікке келді. Олардың келуімен Ресей
империясы құлдырап Кеңес үкіметі орнатылды. Бұрынғы Ре-
сей империясының аумағында жаңа мемлекет – Кеңестік Со-
циалистік Республикалар Одағы (КСРО) пайда болды. КСРО
15 республикадан құрылды, оның ішіне Қазақ кеңестік социа-
листік республикасы да кірді. Оны қысқаша ҚазКСР деп те
ата ған. ҚазКСР бірден одақтас республикалар қатарында
болған жоқ.
1924 жылға дейін қазақ жерлері екіге бөлінген: Солтүс-
тік Қазақтың жерлері Алаш автономиясының құрамына кірді.
Ал Қазақстанның оңтүстік бөлігі Түркістан Респуб ли касының
құрамында болған.
Алаш автономиясының идеялық негізін қалаушылар
Әли хан Бөкейханов және Ахмет Байтұрсынов бастаған қа-
зақ зия лыларының өкілдері еді. Олар өздерінің басқару қыз -
мет тері мен әскерлерін құрды және өз заңдарын енгізуге
тырысты.
Кейінірек Алаш автономиясы мен Түркістан Рес публикасы
жойылды. Қазақтар тұратын аудандар Қазақ автономия лық
16