Page 9 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 9
жабайы жануарлардан қорғану үшін қауымға, руға бірікті.
Уақыт өте келе кейбір аймақтарда сол кездегі адамдар мал
шаруашылығы мен егіншілікке көше бастады. Қазақстан
аумағында бұл шамамен 5 мың жыл бұрын болған.
Ежелгі адамдар бірте-бірте дамып, жаңа қолөнерлерді
игерді, жануарларды қолға үйретті, еңбек пен аңшылыққа
арналған құралдарды көбірек жасады. Біздің дәуірімізге де-
йін мыңдаған жылдар бұрын олар кен өндіруді, қоладан құ-
рал-саймандарды жасауды үйренді. Сөйтіп, Ежелгі дәуір
басталды. Кейінірек, шамамен 3 мың жыл бұрын адамдар
қару-жарақ пен еңбек құралдарын жасауда темір қолдана
бастады. Тас пен қолаға қарағанда темір әлдеқайда жақсы
өңделді, жеңіл және мықты болып шықты. Жер өңдеу метал
құралдарымен нәтижелі бола түсті. Адамдар егіннен мол
өнім жинап, малды көбірек өсіре бастады.
Б.д.д. 1-ші мыңжылдықта Қазақстан аумағында көшпе-
лі малшылық пайда болды. Сол кезден бастап, біз дің
заманымызға дейін көшпелі мал шаруашылығы ата- баба-
ла рымыздың негізгі шаруашылығының түріне айнал ды.
Осы уақытқа дейін қазақ халқының көптеген салт- дәстүр ле-
рі көшпелі өмір салтымен байланысты. Осы кезеңде анд-
роновтар, сақтар, сарматтар тайпалары өмір сүрді. Олар
өздері туралы көптеген артефактілер мен естеліктер қалдыр-
ды. Оның ішінде айтарлықтай – корғандар. Қорған дардың
бірі нен сақ патшасының алтыннан жасалған сауыт-сайманы
табылды. Оған «Алтын адам» деген атау беріліп, Қазақстан
нышандарының біріне айналды. Сақ тар зергерлік бұйымда-
рының көрнекті туындыларымен атақты. Олар қолданбалы
өнерде ерекше стиль – «аң сти лін» жасағаны белгілі.
Біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда сақ және сарматтар
тайпалары тайпалық одақтарға біріге бастады. Тайпалық
одақтарында басшылары, әскері, ортақ жері мен шекарасы
9