Page 48 - 10.4
P. 48
special-edu.kz.
special-edu.kz.
БАЛАЛАРДЫ ҚОРШАҒАН ӘЛЕММЕН ТАНЫСТЫРУ
БОЙЫНША ҰСЫНЫЛАТЫН ОЙЫН ЖАТТЫҒУЛАРЫ
МЕН ДИДАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР
«ӨЗІМ ТУРАЛЫ» ТАҚЫРЫБЫ
Мен кіммін? Мен не істей аламын?
special-edu.kz. special-edu.kz.
Дидактикалық міндет. Адам орындай алатын сан алуан
түрлі әрекеттер туралы түсініктерді қалыптастыру.
Ойын барысы. Мұғалім балаларға қандай да бір әрекетті
орындап тұрған адам бейнеленген суретті көрсетеді және
«Адам не істеп тұр?» – деп сұрайды. Балалар осы тапсыр-
маны орындап болғаннан кейін, басты әрекеттердің атау-
лары (етістіктер) шынайы болмыста бекітіледі. Мысалы, бір
балаға: «Дәл осылай істе» – деп өтінеді. Содан кейін одан
оның не істегені туралы сұрайды. Осылайша балалардың
адам орындай алатын сан алуан әрекеттер туралы тү-
сініктері, сондай-ақ сөздік қоры кеңейтіледі және бекітіледі.
Тауып көр
special-edu.kz. special-edu.kz.
Дидактикалық міндет. Адамның дене бөліктері туралы
түсінікті қалыптастыру.
Ойын барысы. Мұғалім сөздерді айтады, ал балалар
сәйкес келмейтін сөзді айтады. Мысалы:
Адамның дене бөліктері – бас, арқа, аяқ, гүл, қол (гүл).
Адамның дене бөліктері – қол, аяқ, көйлек, бас, арқа,
іш (көйлек).
«ТАҒАМ ЖӘНЕ СУСЫН» ТАҚЫРЫБЫ
Не жетіспейді?
Дидактикалық міндет. Балаларда көкөністер мен
жемістер туралы түсініктерді қалыптастыру.
Ойын барысы. Мұғалім балаларға әртүрлі көкөністер
special-edu.kz. special-edu.kz.
мен жемістер бейнеленген суреттер қатарын белгілі
бір дәйектілікпен көрсетеді және оларды есте сақтауды
ұсынады. Содан кейін суреттерді алып тастайды. Біраз
үзілістен кейін бір суреті жетіспейтін сол суреттер қатарын
тағы да көрсетеді. Мысалы:
46