Page 52 - 10.4
P. 52
special-edu.kz.
special-edu.kz.
ҚОРЫТЫНДЫ
Зерде дамуында ауытқушылығы бар балалар қоршаған
әлеммен танысу бойынша арнайы педагогикалық түзету
жұмысын қажет етеді. Бұл жұмыс үдерісінде баланың ой-
өрісі ғана емес, сондай-ақ ойлау операциясы да кеңейеді,
special-edu.kz. special-edu.kz.
белсенді және енжар сөздік қоры байиды, танымдық
белсенділігі дамиды. Баланы қоршаған болмыс заттары
мен құбылыстарындағы айрықша белгілерді ерекшелеуге,
қарапайым талдау мен жинақтауды жүргізуге, қоршаған
болмыс арасындағы қарапайым байланыстарды табуға
үйретеді.
Қоршаған болмыс заттарымен және құбылыстарымен
таныстыру бойынша сабақтар оқушыларда бақылау
қабілетін, сондай-ақ көргенін, оған тән ерекшеліктерді
талдауды дамытумен сипатталады. Түсініктерді барын-
ша жинақтау, бөлшектеу және саралау және олардың
арасындағы байланыстарды табу жұмысы жүреді. Қоршаған
special-edu.kz. special-edu.kz.
болмыс заттары мен құбылыстары туралы түсініктер аясын
кеңейтумен және нақтылаумен байланысты оқушылардың
сөздік қоры байиды: сәйкес терминдер енгізіледі, түрлік
және тектік түсініктердің арасындағы айырмашылықтар
көрсетіледі, әңгімені ұйымдастырғанда ол белсендіріледі,
яғни меңгерген сөздер сөйлеу тіліне ендіріледі. Заттық
көрнекілік кеңінен пайдаланылуын жалғастырады, алайда
ол оқылатын заттың немесе құбылыстың сөздік бейнесін
шығару үшін ғана қолданылады.
special-edu.kz. special-edu.kz.
50